Билет сатып алу
Мақсұтова Ботагөз Елубайқызы

1971 жылы 14 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келді.

1992 – 2013  жылдары аралығында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды

облыстық қазақ драма театрында алдыңғы қатарлы театр әртісі қызметін атқарды. Театрда қызмет еткен жылдары 30-дан астам рөлдерді сомдады.

2014 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы;

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баян

М.Әуезов «Еңлік- Кебек» – Еңлік

Ш.Айтматов «Ана – Жер ана» – Әлиман

Е.Разумовская «Медея» – Медея

Ж.Ануй «Бозторғай» – Жанна д Арк

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман

Ш.Мұртаза «Домалақ Ана» – Домалақ Ана

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Ғазиза

М.Гапаров, Г.Гапарова «Қияметқайым Киото» – Зұлайқа

Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Әлия

Ф.Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» – Васена

С.Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» – Зияда

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботқа

Д.Исабеков «Әпке»– Нәзилә

Т.Теменов «Көгілдір такси» – Мәриям

М.Хасенов «HI-FI махаббат» – Зәуреш

М.Задоронов  «Күйеуіңізді сатыңызшы» – Оксана

К.Жумабеков «Замана неткен тар едің» – Мағыш

К.Жұмабеков «Қаз дауысты Қазыбек» – Төқмейіл

Б.Атабаев «Жұмбақ жан» (Абай) – Муза

О.Бөкей «Желтоқсан желі» – Гауһар

С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек

Ө.Боранбаев «Сотанайдың сонғы үйленуі» – Алтынай

К.Машаду «Бразилия байлығы» – Люсия, Дәрігер

М.Ақынжанов «Алтын сақа» -Мыстан кемпір

Д.Симонова «Алтын дәннің құпиясы» – Ақ тышқан

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Гүлмайдан

М.Байжиев «Тіл табыскандар» – Сүйімхан

М.Әуезов «Қараш-Қараш» – Қатша

Р.Отарбаев «Әміре» – Режиссер

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Ана

Ұ.Есдәулет «Зере» – Жәлменкүл

Н.Гәнжәуи «Ләйлі – Мәжнүн» – Ләйлінің анасы және Кемпір

М.Әуезов «Абай» – Әйгерім

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Қызметші

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Теңге

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Мәмила, Көш

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Сельма

 

Марапаттары:

  • 1997 жылы Алматыда өткен Халықаралық театр фестивалінде

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – ІІ орын;

  • 2000 жылы Павлодарда өткен Республикалық театр фестивалінде

М.Гапаров, Г.Гапарова «Қияметқайым Киото» – І орын;

  • 2001 жылы Қызылжарда өткен Республикалық театр фестивалінде

Ш.Мұртаза «Домалақ Ана» – ІІІ орын;

  • 2003 жылы «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»

атағына ие болды;

  • ҚР «Мәдениет қайраткері»;
  • 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер

саласында «Жыл әртісі» сыйақысымен марапатталған.

2019 жылы «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасарының атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылы қыркүйек айының 20-25 күндері аралығында  Семей

қаласында өткен ҚазақстанныңХалық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнектітеатр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестиваліне Қаллеки театры режиссер Барзу Абдураззаков сахналаған Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклімен қатысты. Спектакльдегі Ләйлінің анасы және Кемпір рөлдері үшін актриса Ботагөз Мақсұтова «II пландағы үздік актриса» номинациясымен марапатталды.

«Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі (Авторы: Низами Гәнжәуи, режиссері Б.Абдуразаков) «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» бекіткен «Сыншылар жүлдесімен» марапатталды. 2021 жылы Қазан қаласында өткен түркі халықтарының XV «Наурыз» халықаралық театр фестивалінде көрсетіліп,  (online) халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды.

2021 жылы Ботагөз Мақсұтова ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапаттары:

  • 1997 жылы Алматыда өткен Халықаралық театр фестивалінде М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – ІІ-ші орын;
  • 2000 жылы Павлодарда өткен Республикалық театр фестивалінде М.Гапаров, Г.Гапарова «Қияметқайым Киото» – І-ші орын;
  • 2001 жылы Қызылжарда өткен Республикалық театр фестивалінде Ш.Мұртаза «Домалақ Ана» – ІІІ-ші орын;
  • 2003 жылы «Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты» атағына ие болды;
  • ҚР «Мәдениет қайраткері»;
  • 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласында «Жыл әртісі» сыйақысымен марапатталған.