Билет сатып алу
Мырзакулова Маралжан Қазыбеққызы

Халық аспаптар оркестрінің дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты

Қ. Қуанышбаев  атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық – драма театрының қазақ халық ансамблінің жетекшісі және дирижері.

1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясына домбыра мамандығы бойынша профессор Б.Т. Ысқақов сыныбына,« «Дирижерлеу» мамандығы бойынша профессор Нүсіпбаевтың сыныбына оқуға түсті.

1999 жылы Астана қаласы Қазақ Ұлттық музыка академиясына ауысып, 2001 жылы Қазақ Ұлттық Музыка Академиясын бітіріп, «Оркестр әртісі», «Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері», «Концерттік орындаушы», «Оқытушы» біліктіліктеріне ие болды.

ҚазҰМА-ны бітірген соң 2001 жылы қыркүйек айынан бастап композиция және оркестрлік дирижерлеу кафедрасына оқытушы болып қабылданды.

2001 жылдан бастап колледждің қазақ халық аспаптар оркестріне жетекшілік етеді.

Жетістіктері:

1999 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваториясы өткізген жас симфониялық оркестрінің дирижерлер конкурсының лауреаты.

2000 жылы Астана қаласында өткен III Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты атанды (домбыра номинациясы). 2001 ж. – Шамгон Қажығалиев атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты., Орал қаласы;

2004 ж. – Нұрғиса Тілендиев атындағы I-ші Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты., Алматы қ.;

2008 ж. – Нұрғиса Тілендиев атындағы I-ші Халықаралық дирижерлер конкурсының лауреаты., Астана қ.;

2011 ж. – Боздақ Рзаханов атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты, Ақтау қ.

2001 жылдан бастап Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының бас дирижеры болып тағайындалды.

2021 жылдың ақпан айында М.К.Мырзакулова театрда халық аспаптар ансамблін ұйымдастырды және бұл Қазақстандық музыкалық өмірдегі оқиға болды.« Ансамбль оның басшылығымен қысқа уақыт ішінде жоғары кәсіби ұжымға айналды, ансамбль театр актерлерімен тығыз ынтымақтастықта болады және тыңдаушыларды жаңа концерттік бағдарламалармен қуантады.« 2 маусымда Каллеки театрының халық аспаптар ансамблінің тұсаукесер – концерті өтті.

М.К.Мырзакулова әріптестері арасында лайықты беделге ие.