Билет сатып алу
Наменов Марғұлан Еркінұлы

Наменов Марғұлан Еркінұлы- 1998 жылы 29 тамыз күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2016-2020 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алды. Оқу жылдарында Е.Асқаровтың «Арманымның ақ құсы» шығармасында Резо рөлін, М.Горький «Шыңырау түбінде» – Барон, Шахимардан «Томирис» -Спаргапис, Софокл «Электра» спектаклінде Жұмбақ рөлдерін сомдады.

2017 жылы – Балапан арнасында «Шытырман» бағдарламасының жүргізушісі болды.

2018 жылы – «ТТТ» халықаралық театр фестивалінде «Маугли» спектакліндегі Маугли рөлі үшін «Сахна тілі» номинациясымен марапатталды.

2019 жылы Университет қабырғасында бір топ студенттермен бірігіп ашқан Астана Заманауи театры репертуарындағы «Сон Шекспира» спектаклінде Ромео, Гамлет рөлдерін, «Эволюц и Я» спектаклінде Треплев рөлін сомдады.

2020 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына кастинг арқылы өтіп, жұмысқа орналасты.

Театр сахнасындағы рөлдері: Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Аббас,Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Жас Абай, М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Түнек, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Әлібек тобындағы жігіт, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш, А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Дэнни, Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Қозы.

Кино саласындағы рөлдері:

2018 жылы «Бақытсыздар бағы» т/х –  Шалқар.

2022 жылы «Город ветров» т/х – Мирас рөлі.