Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы
Актер
Орман Бибарыс Сұлтанәліұлы 1998 жылы 16 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.
2004 жылы №74 орта мектептің табалдырығын аттап, 2015 жылы №78 жалпы орта мектепті тәмамдаған.
2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Гүлнар Аманжанова Бекенқызының шеберханасына оқуға түсіп, «Музыкалық театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.
2019 – 2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana musical» театрының актері болды.
2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.
Театр сахнасындағы рөлдері:
М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Жантық;
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – бала Хасен;
Мигель де Сервантес «Дон Кихот»;
Е.Жуасбек «Үйлену» – тамада;
С.Қайырбек «Кешкі 7» – концерт спектакль – Актер;
П.Бомарше “Фигароның үйленуі” – Керубино
Б.Брехт “Шеңбер” – Лаврентий;
У.Шекспир “Romeo & Juliet” – Ромео;
Кино саласындағы рөлдері:
«Тағы да сүй» сериал (Реж.Асхат Мұсабай) 2018 ж.
«Жаным менің» сериал (реж.Бақытжан Санитас) 2018 ж.
«Күрес» сериал (реж.Олжас Нұрбай) 2018 ж.

