Билет сатып алу
Симфониялық оркестрі

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының симфониялық оркестрінің құрамында 70 музыкант бар. Оркестрдің жетекшісі әрі  бас дирижері – Мәдениет саласының үздігі, халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бейсембаев.

Театр оркестрінің құрылғанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Оркестрдің репертуары өте алуан түрлі, қазақ халық әндері, классикалық симфониялық шығармалардан бастап орыс романстары мен джаз композициялары бар. Театрдың симфониялық оркестрі опералардан үзінділер, мюзиклдер мен заманауи саундтректерді орындайды. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма  театрының симфониялық оркестрі 2021 жылы сәуір айында Стокгольмде өткен «Aurora» фестиваль-конкурсында екі номинация бойынша – ГРАН-ПРИ және I ОРЫНҒА ие болды. Бағдарламада: қазақтың ұлттық күйі Құрманғазы «Балбырауын», Майкл Джексонның «Били Жан» әнінің авторлық оркестрлік өңдеуі, Ирвинг Берлин «Путинг Астор Пьяццолланың «Жыл мезгілдері» сериясынан «Рицте» және «Қыс» туындылары орындалды.