Билет сатып алу
Сұлтан Асхат Ойратұлы

Сұлтан Асқат Ойратұлы 1970 жылы Алтай өлкесі, Таулы-Алтай автономиялық облысында Қосағаш ауданында дүниеге келді.

1987 жылы Мұхор – Тархата орта мектебін бітірген.

1988-1990 жылдары  Байқоңырдың Ленинск қаласында әскер қатарында болды.

1990-1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер институтында оқыды.

1994 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

2017, 2019 жылдары еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосып келе жатқан зор еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісімен марапатталды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

О.Бөкей «Құлыным менің» – Дулат

Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» – Қасым, Майсалбек, Жайнақ

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Мұрат

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал

С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Абдолла

С.Жүнісов  «Қысылғаннан қыз болдық» – Алтынбек

Ш.Бошпеков «Темір қатын» – Суан молда

Ш.Құсайынов «Алдар Көсе» – Алдар Көсе

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Жантық

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Қорамса

М.Әуезов «Қанды Азу» – Майлыаяқ

М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Жомарт би

М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша

М.Әуезов «Абай» – Сырттан

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Көтібар тобындағы жігіттердің бірі

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Бармен

У.Шексир «Ромео мен Джульетта» – Монтекки

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»

Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» – Иван

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Есет

Дж.Патрик «Қымбатты Памелла» – Дәрігер

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай

Б.Ұзақов «Жандауа» – Ұзын

Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Қауым мүшесі

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амадей

М.Фриш «Дон-Жуанның  думаны» – Тенорио

Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – «Бас ағаш»

Б.Минору «Әзәзіл» – Бейтаныс еркек

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Әубәкір бай

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Бәйтен би

Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна дАрк» – Латремуй

Халық ертегісі «Ер Төстік»- Ерназар

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Мүнәсіп Мәмметов

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Шал

Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Аманжолов

У.Шекспир «Отелло» – Сенатор

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Қодар

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би