1954 жыл 23 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Н. Әбдіров ауылында дүниеге келген.
1960-1970 жылдары он жылдық мектепті бітірді.
1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
1975-1979 жылдары Алматы Театр және көркемсурет институтының театр және кино актері бөлімін тәмамдады.
1979-1990 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрында актер болып қызмет істеді.
Елордамыздағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушыларының бірі. 1990 жылдан аталмыш өнер шаңырағында қызмет атқарып келеді.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Д.Исабеков «Әпке» – Тимур
Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері- Ақтоқты» – Жалмұқан
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Едіге
Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Диуана
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бүркіт
С.Жүнісов «Жаралы гүлдер» – Баттал
О.Бөкеев «Құлыным менің» – Жан
Б.Ұзақов «Жандауа» – Шал
Б.Ұзақов «Үміт» – Юрист
Гоголь «Үйлену» -Жевакин
Т.Ахтанов «Жоғалған дос» – Естемесов
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик
Т.Ахтанов «Ант» – Хан
А.Дударев «Кеш» – Василий(Мультик)
М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Көбікті
М. Әуезов «Қарагөз» – Жабай
М. Әуезов «Абай» – Оразбай
М. Әуезов «Еңлік-Кебек» – Кеңгірбай би
Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Ақсақал
В. Дельмар «Баянсыз бақ» – мистер Купер
Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Тұрсынбай
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Пастор
У.Шекспир «Гамлет» – Полоний
М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Тенорио
Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Ала ағаш
А.Чехов «Ваня ағай» – Войницкий;
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» -Балта
Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д арк» – Кошон
Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Ахмет Байтұрсынов
В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Лукьянов
М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Сәрсен
У.Шекспир «Отелло» – Брабанцио
Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би
Ә.Кекілбаев «Күй» – Адай би.
Марапаттары:
2002 жылы 12 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.
2015 жылы «Қаллеки» театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Ыбыраев Болат Қалыбекұлының 60 жасқа, шығармашылығына 40 жыл толуына орай шығармашылық кеші өтті.
Театр репертуарындағы әйгілі режиссер, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған «Ғасырдан да ұзақ күн» (2003 ж.) драмасы 2022 жылы режиссердің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «TEATRALL» ІІ халықаралық театр фестивалі аясында арнайы көрсетіліп, фестиваль шымылдығын түрді. Бұл қойылым — режиссер Ә.Мәмбетовтің елімізде осы күнге дейін сақталып, тұрақты сахналанып келе жатқан жалғыз туындысы ретінде ерекше маңызға ие. Спектакльде басты рөл — Едіге бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ыбыраев жоғары кәсіби деңгейде сомдап келеді.
2024 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Ыбыраевтың 70 жас мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Мерейтой аясында Астана қаласында және Қарқаралы ауданында А.Дударевтің «Кеш» драмасының арнайы көрсетілімдері өтті. Ерекше шара актердің шығармашылық жолын құрметтеп, театр әлеміндегі үлесін атап өту мақсатында ұйымдастырылды.
2024 жылы «Сәкен-сұңқар» драмасындағы Ахмет Байтұрсынұлы рөлі үшін «Сәкен Сейфуллин медалімен» марапатталды.
2024 жылы 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының «Дара» медалімен марапатталды.
2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапатталды.

