Қосанов Нұрхан Әзімжанұлы – Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келді.
2007-2011 жылдары Жаңаарқа ауданы Н.К.Крупская атындағы Жалпы Білім Беретін Орта Мектебінде, 2011-2019 жылдары Қарағанды қаласы №86 Жалпы Білім Беретін Орта Мектебінде, №1 өнер мектебінде оқыды.
2019-2023 жылдары Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Музыкалық театр әртісі» мамандығын оқыды. Сырым Қашқабаев шеберханасы.
Оқу театр сахнасындағы ойнаған рөлдері:
– М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым
– Т.Ахтанов «Ант» – Әбілқайыр хан
– У.Шекспир «Макбет» – Макбет
– М.Шаханов «Махаббат заңы» – Ақын
– А.Чехов «Дядя Ваня» – Ваня ағай
– М.Лермонтов «Маскарад» – Арбенин
Дипломдық спектакльдегі рөлдері:
– Ғ.Мүсірепов «Қыз жібек» – Бекежан
– Ф.Эрве «Түлкі Бикеш» – Флоридор
2022 жылдан бастап Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық Қазақ Музыкалық-Драма театрының актері.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Қ.Жетпісбаев/«Бала Мерген»/ертегісі – Бас кесер
Режиссері – Нұрфат Вахитов
Қ.Жиенбай/«Патша көңілім не дейсің?»/комедия – Күнберген
Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов