Рус Қаз Eng

Қосанов Нұрхан Әзімжанұлы

Актер

Қосанов Нұрхан Әзімжанұлы – Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келді.

2007-2011 жылдары Жаңаарқа ауданы Н.К.Крупская атындағы Жалпы Білім Беретін Орта Мектебінде, 2011-2019 жылдары Қарағанды қаласы №86 Жалпы Білім Беретін Орта Мектебінде, №1 өнер мектебінде оқыды.

2019-2023 жылдары Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Музыкалық театр әртісі» мамандығын оқыды. Сырым Қашқабаев шеберханасы.

Оқу театр сахнасындағы ойнаған рөлдері:

М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым

Т.Ахтанов «Ант» – Әбілқайыр хан

У.Шекспир «Макбет» – Макбет

М.Шаханов «Махаббат заңы» – Ақын

А.Чехов «Дядя Ваня» – Ваня ағай

М.Лермонтов «Маскарад» – Арбенин

Дипломдық спектакльдегі рөлдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз жібек» – Бекежан

Ф.Эрве «Түлкі Бикеш» – Флоридор

2022 жылдан бастап Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Қ.Жетпісбаев «Бала Мерген» ертегісі – Бас кесер

Қ.Жиенбай «Патша көңілім не дейсің?» комедия – Күнберген

П.Бомарше “Фигароның үйленуі” – Бридуазион

Т.Әбдік “Парасат майданы” –  Өзін танымал санайтын науқас

Б.Брехт “Шеңбер” – Әскер

У.Шекспир “Romeo & Juliet” синемо-эпос – Грегорио

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?