Билет сатып алу
Әбенов Заңғар Айбекұлы

Әбенов Заңғар Айбекұлы – 1993 жылы 30  маусым күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Шалқар ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Семей қаласында №22 қазақ орта мектеп табалдырығын аттап, 2003-2008 жылдары ШҚО облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылында оқып, 2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында білім алды.

2011-2015 жылдар аралағында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстанның Халық артисі, белгілі театр және кино актрисасы, профессор Әспетова Гүлжан Жарылқасынқызының шеберханасында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алды.

2015 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына қабылданып, еңбек жолын елорда сахнасында жалғастырып келеді.

Театр сахансындағы рөлдері: М.Әуезов «Қараш-Қараш»– Тектіғұл,

Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?»– Ораз, «Ер Төстік» халық ертегісі –Жолдыаяқ, М.Машаду «Бразилия байлығы»– Манеку,   Д.Рамазан«Абылай ханның арманы» – Батыр, Р.Отарбаев «Әміре» – Исенбаев, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Жантай, М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Бөрала, Ұ.Есдәулет «Зере» – Оспан, И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Ронс,

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Тонтай, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Батыр тобындағы жігіт, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш, М.Сервантес «Дон Кихот»,  Г. Пьянова «01» – кейіпкер, Д.Рамазан «Жошы хан» – Көкеші бақсы.

2016 жылы Мәскеу қаласында өткен Халықаралық «Останкино» кино және телевидение фестивалінде  режиссер Ш.Қуаналидің «Фотограф» атты қысқаметражды фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды.

Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау

арқылы дубляж саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Актер Том Холландтың Қазақстандағы ресми дауысы.