Рус Қаз Eng

Cұлтанғазы Бәзіл Абайбекұлы

Актер

1998 жылы 2 қаңтар күні Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келді.

2004-2012 жылдары аралығында Ж.Сыдықов атындағы орта мектепте білім алды.

2015-2019 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультеті Г.Б.Аманжанова, К.Адылов шеберханасында «Актер» мамандығы бойынша  білім алды.

Студенттік шақта ойнаған рөлдері:

– М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым;

– А.П.Чехов «Аю» –  Смирнов;

– Ағайынды Гримм «Бремендік музыканттар» – Сақшы;

– Б.Брехт «Сычуаньнан шыққан мейірімді адам» – Эксперимент;

– Н.Гоголь «Өлі жандар» – Собакевич;

 

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

2020 жылы 15-16 шілде күндері «Актерлік шеберлік.Пьеса және рөл талдау. А.П.Чехов драматургиясы»  тақырыбында 16 сағаттық оқуға қатысты.  (Ресей театр өнері институты – ГИТИС)

2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.

2022 жылы жас актер Бәзіл Сұлтанғызының режиссерлігімен сахналанған О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Т.Теменов «Ақ жауын»/А.Вампиловтың «Тұңғыш ұл» пьесасына фантазия/ – Рамазан; Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов;

М.Әуезов «Абай» /трагедия/ – Мағауия; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.

Т.Әсемқұлов «Құнанбай»/драма/ – Жас Құнанбай; Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов;

Р.Мұқанова «Бопай ханым» /тарихи трагедия/ – Нұрәлі хан; Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

М.Әуезов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Арыстан тобында; Режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш; Режиссері: Ф.Молдағали

М.Сервантес «Дон Кихот» /трагикомедия/ – Дон Кихот; Режиссері: Ә.Өмірбекұлы

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Жігіт. Режисері: Б.Сұлтанғазы

С.Қайырбек «Кешкі 7» – Кейіпкер. Режисері: Б.Сұлтанғазы

М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша. Режиссері: Г.Миргалиева

П.Бомарше «Фигароның үйленуі» – Граф. Режиссері:Н.Жұманиязов

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Тибальт. Режиссері: У.Баялиев

 

Дубляж саласындағы рөлдері:

Disney/Pixar студиясының «Алға»

(Onward) анимациялық фильмі – Барли;

Режиссерлік жұмыстары:

2021 жылы Qalleki театр лабораториясының ашылуына орай сахналанған О.Бөкей «Ұйқым келмейді» спектаклінің режиссері.

2023  жылы    Qalleki театр лабораториясы «Кешкі 7» /спектакль-концерт/ режиссері.

2025  жылы Ж.Әлікен «Жүрек сыры. Махаббатым сен…» /драма/ режиссері.

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?