Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ

        2021 жылдың 1-ші ақпанында құрылды. Дирижері- Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова.

      Оркестрдің құрамында таланты музыканттар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары бар, олардың әрқайсысы бірнеше музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл 19 дарынды музыканттардан тұратын оркестр 2021 жылдың ақпан айында театрдың жаңа ғимаратында құрылды. Оркестрдің репертуары өте қызықты және алуан түрлі, оркестрде орындаушылық стиль, оркестрде ойнаудың жоғары мәдениеті қалыптасқан. Репертуарды үнемі кеңейте отырып, оркестр және оның жетекшісі – көрермендерге  қазақ және әлем музыкасының үздік туындыларын  ұсынады. Күрделі шығармаларға, сирек дыбысталатын музыкаға, заманауи композицияларға, соның ішінде премьераларға, сондай-ақ халық әндерінің, күйлерге және заманауи авторлардың шығармаларына көп көңіл бөлінетін болады. Оркестрдің  шығармашылық жобалары кәсіби шеберліктерді шыңдау және тыңдаушыларды жаңа концерттік бағдарламалармен қуанту болып табылады, ал ұжымның шығармашылық кредосы – бұл қазақ халық музыкасына  деген шынайы сүйіспеншілігін көрсету және оны қазіргі өмірде, қазіргі заманда  сақтап қалу, фольклорлық күйлер мен әндердің дыбыстарын терең мағынада орындап, жарқырату.  

      Халық аспаптар оркестрі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен «AsiaFolk 2021» онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық құрам) және І-дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып «Классика және джаз» номинациясында жүлделі  1 орынға ие болды

       Моңғолия еліндегі онлайн фестиваль маусым айының  12-24 күндері аралығында өтті. «AsiaFolk 2021» онлайн-фестиваліне әлемнің 11 елінен    200-ден астам артист қатысып, жалпы 35 ұжым сайысқа түсті. Қаллеки театрының Халық аспаптар оркестрі байқауға белгілі композиторлар-  М.Тіналиннің «Тау ішінде» М.Бердіғұловтың «Шахристан» музыкалық туындыларын домбырашылардан  Күй шашу және «Ақсақ құлан» халық күйін ұсынды.

     Францияда өткен «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауы 1 мамырдан 15 маусымға дейінгі аралықты алды. Бұл байқау беделді консерваториялардың және мәдени ассоциациялардың қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл байқауға Ресей, Қытай, Корея, Чехия, Қазақстан және т. б. елдердің музыканттары қатысты.  Қаллеки театрының Халық аспаптар оркестрі байқауға қазақ халық ән-күй тақырыбына этно-джаз попурриін және Ришар Гальяноның «Танго для Клода» туындысын ұсынды.