Жаймашуақ көктемнің алғашқы мерекесі  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Қаллеки театрының артистері мен симфониялық оркестрі «Тыңда» музыкалық кешін ұсынады.

Концерт бағдарламасына қазақ руханияты мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан композиторлар мен ақын-жыраулардың шығармалары енген.

Сахнада Еркеғали Рахмадиев, Шәмші Қалдаяқов, Абай, Нұрғиса Тілендиев, Құрманғазы қалдырған музыкалық туындылар орындалады. Кеште Қасымхан Бұғыбай, Шах-Мұрат Ордабаев, Жасұлан Ерболат, Олжас Жақыпбек, Қобыланды Болат, Әнуар Бектас, Бәзіл Сұлтанғазы, Біржан Жүнісов және т.б. театрымыздың дарынды артистері өнер көрсетеді.

Рухани күш-қуат сыйлайтын жаңа концерттен  қапы қалмаңыздар!

Қосу