Билет сатып алу
Театрымызға көркемдік жетекші тағайындалды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның шешімімен – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының  лауреаты, «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік режиссер» номинациясының жеңімпазы Миргалиева Гүлсина Бақытжанқызы театрымыздың көркемдік жетекшісі  қызметіне тағайындалды.

Миргалиева Гүлсина Бақытжанқызы – бұған дейін Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына көркемдік жетекші әрі бас режиссер қызметін, 2022 жылдың 28 қаңтар айынан бастап 2024 жылдың 10 сәуіріне дейін директорлық қызметін атқарған.  Гүлсина Бақытжанқызы қазақ театр өнерінің даму жолында өзіндік қолтаңбасы бар бірегей режиссер.

Қаллеки театрына келген қадамыңыз шығармашылық толағай табыстарға толы болсын дейміз!