Дон Кихот – Мигель де Сервантестің «Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот» романының сахналық нұсқасы. Туындының жарық көргеніне төрт ғасыр болса да, әлі өзектілігін жоймай келеді. Әлемдік шығарма қазақ театр сахнасында алғаш рет сахналанып отыр.

Аталмыш спектакльде қазақ қоғамындағы Дон Кихотты жақынырақ танып, классикалық шығармаға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Қойылымды сахналауға арнайы шақыртылған жас режиссер Әлібек Өмірбекұлы Сервантестің «Дон Кихот» туындысын бүгінгі заманауи тілде ұсынбақ. Қаллеки театрының актерлік құрамының потенциалын жаңа қырынан ашу, театр тынысын заманауи бағытқа тәрбиелеуде «Дон Кихот» спектаклінің айтары көп.

Қойылымға дайындық жұмыстары екі ай уақыт жүргізілді.

Инсценировка авторы әрі режиссері – Әлібек Өмірбекұлы. Сахналық нұсқасының авторы әрі аударған – Мирас Әбіл.

Қойылымның актерлік құрамы - Е.Нұрымбет, Қ.Қыстықбай, Н.Өтеуіл, А.Бермұхамбетова, Ж.Оспанов, И.Әбенова, А.Орынтай,

 

Қосу