«Қаллеки тынысы» атты премьералар апталығы «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесіне орай ұйымдастырылады. Апталық аясында театр сарапшылары мен көрермендер назарына 2021-2022 жылдары сахналанған жаңа қойылымдар ұсынылады.

«Қаллеки тынысы» премьералар апталығының мақсаты: театрдың шығармашылық байланысын нығайту және театр мәдениетінің өзара іс-әрекетін ұжымдық бағытта жандандыруға ықпал ету; соңғы жылдары жарық көрген премьераларды  ұжым арасында кеңінен насихаттап, театрдың жұмыс жүйесін дамыту, сахна мәртебесін жоғары деңгейге көтеру, театрдың қоғамдағы орны мен адамзаттың рухани өсіп өнуіне тигізер ықпалын ұжым алдында зерттеу, зерделеу;  актерлік өнердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып, өркендеп өсуіне ықпал ету; театр өнерінің түрлері мен жанрларындағы үздік жұмыстарды анықтау және қолдау; заманауи театр үрдісінің негізгі тенденцияларын анықтау және театр өнерінің  классикалық және заманауи мұралары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту; Елорда көрермендерін Қаллеки театр  өнерінің  үздік үлгілерімен таныстыру.

Сарапшылар алқасының құрамы -  театртанушы, өнертану магистрі Мирас Әбіл, театртанушы, PhD докторы Нартай Ескендіров, өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай, театртанушы, драматург Қуат Ежембек, театртанушы Балжан Бекмағамбетова спектакльдерді толық талдауын жүзеге асыратын болады.  

Апталық қорытындысы бойынша қатысушылар «Үздік Актер», «Үздік Актриса», «Жақып Омаров» атындағы сыйлық, «Қадыр Жетпісбаев» атындағы сыйлық, «Әзірбайжан Мамбетов» атындағы сыйлық, «Әшірбек Сығай» атындағы сыйлық, «Шәміл Жүніс» атындағы сыйлық, «Мұрат Насипов» атындағы сыйлық, «Шолпан Мұқышева» атындағы сыйлық,  «Шолпан Елгезекова» атындағы сыйлық, «Үздік сценография», «Театр және ақпарат» жүлдесі сынды арнайы дипломдармен және номинациялармен марапатталады. Марапаттау рәсімі 27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесінде өтеді.

Бағдарлама:

13

НАУРЫЗ

жексенбі

19.00

үлкен сахна

«ҚҰНАНБАЙ»

/драма/

Авторы: Т.Әсемқұлов

Режиссері: Б.Ұзақов

21.00

камералық зал -1 қабат

 «ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ»

/драма/ 16+

Авторы: О.Бөкей

Режиссері: Б.Сұлтанғазы

15

НАУРЫЗ

сейсенбі

19.00

үлкен сахна

«БОПАЙ  ХАНЫМ»

/тарихи трагедия/

Авторы: Р.Мұқанова

Режиссері: Ж.Жұманбай

16

НАУРЫЗ

сәрсенбі

19.00

үлкен сахна

«АЙМАН-ШОЛПАН»  14+

/музыкалық комедия/

Авторы: М.Әуезов

Режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина

17

НАУРЫЗ

бейсенбі

19.00

үлкен сахна

«АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ»

Авторы: Х.Алтай, Х.Оралтай

Режиссері: Ф.Молдағали

18

НАУРЫЗ

жұма

19.00

үлкен сахна

«ЖҰБАЙЛАР ЖҰМБАҒЫ»

/музыкалық комедия/

Авторы: И.Штраус

Режиссері: Н.Жұманиязов

 

19

НАУРЫЗ

сенбі

18.00

үлкен сахна

ПРЕМЬЕРА!

«ДОН КИХОТ»

2 актілі қойылым (4 сағат)

Авторы: М.Сервантес

Режиссері: Ә.Өмірбекұлы

20

НАУРЫЗ

жексенбі

19.00

үлкен сахна

 «КҮЗГІ ІҢІР»

/трагикомедия/

Авторы: А.Менчелл

Режиссері: Ұ.Қарыпбаев

 

Қосу