Актер, ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері

     Жақыпбек Олжас Дәлелханұлы 1991 жылдың 16 ақпанында Семей қаласы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келді.

    1997-2008 жылдары Алматы қаласындағы №119 мектепті тәмамдады.

    2008-2012 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында актер мамандығын оқыды.

   2012 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер қызметін атқарып келеді. Театрға қабылданғаннан бастап Олжас Дәлелханұлы театр репертуарынан орын алып, үлкенді-кішілі рөлдерді кескіндеуде.

Туған жылы: 16 ақпан 1991ж.
Сомдаған рөлдері:

        Олжас Жақыпбектің шығармашылық ізденістері мен талантын байқаған өзге театрлар арнайы шақырып, спектакльдерінен үлкен  рөлдерді сеніп тапсыруда. Солардың бірі -  Айгүл Иманбаеваның жеке театрында (А.И театры): М.Әуезов «Қарагөз» - Сырым, «Федра» - Ипполит. 

       «Бәйтерек» тобының 10 жылдығына арнайы қойылған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мюзиклінде - Қозы рөлін кескіндеді.

       Олжас Жақыпбек актерліктен бөлек, бірнеше фильмдерге саундтрег жазып, композиторлық қырымен де танылып жүрген жас артист. Атап айтсақ,

   -   2015 жылы «Алтын ұя» телехикаясы,

   -   2017 жылы «Я люблю тебя Ақерке» көркем фильмінің,

   -   «Балапан» телеарнасындағы «Он саусақ», «Оп-оңай» бағдарламаларының композиторы.

 

Ізденімпаз артист бүгінгі күнде шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлетуде де еңбектер атқаруда:

«Жұлдызды соғыстар» - Кассиан, Андор, «Мұзды өлке» мультфилімінде Кристоф, Люк Бессонның «Валериан және мың ғалам шаһары» - Валериан рөлдерін дыбыстаған.

 

Қазақ киносына да өз үлесін қосуда. Атап айтсақ:

   -   «Туған елдің түтіні» - ,

   -   «Көк тарландары» - Нариман Сайын,

   -   «Алтын ұя» телехикаясында -  Данияр,

   -   «Кішкентай Ханзада» 

   -    «Міржақып» деректі фильмінде - Міржақып Дулатов бейнесі.