https://kaztheatre.kz/kz/teatr-zhymy/akterlik-ram/85-mejramov-tilektes-uakhit-ly#sigProId11b4c5a0ce
Мейрамов Тілектес Уахитұлы 1971 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы театр және кино институтының «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.
2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б.Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды.
1971 – 1989 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының артисі, Профком төрағасы, бірінші партияның хатшысы қызметтерін атқарды.
1989 – 1990 ж.ж. ҚР Мәдениет министрлігінің Театр бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды.
2001 – 2007 ж.ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық Жастар мен жасөспірімдер театрының директоры-көркемдік жетекшісі. Осы ұжымға жетекшілік еткен жылдары театр ұжымы екі дүркін «Гран При» иегері, Қазан қаласында өткен Халықаралық «Түрксой» фестивалінде жоғары бағаға ие болды.
2007-2011 ж.ж. Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасының профессоры.
Отбасылы. Жұбайы – Мейрамова Жұмагүл – ҚР еңбек сіңірген артисі.
Қызы – Мейрамова Сабина Тілектесқызы, Өнертану магистрі.
- И.Ғайып «Шыңғысхан» - Шыңғысхан
- Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Қарабай
- Е. Жуасбек «Антивирус» - Асан
- Т.Джюдженоглу «Көшкін» - ақсақал
- Ғ.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты» - Науан
- Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» - Әкесі
- Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Кошон
- В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» - Лукьянов
- М.Әуезов «Абай» - Абай
Р.Отарбаевпен бірге «Ақырзаман», «Дүниеғайып» пьесаларын жазды, А.Гельман «Наедине со всеми», Н.Абдуллоева «Двое», И.Вовнянко «Смерть стриптизера»
І.Есенберлин «Ғашықтар», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»; «Абай жолы»
1993 жылы И.Ғайып «Шыңғысхан» спектакліндегі Шыңғысхан бейнесі үшін «Үздік ер адам ролі» номинациясын жеңіп алды;
1996 жылы «Халық әртісі» атағын иеленді.
2004 жылы Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектакліндегі Қарабай бейнесімен «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы берілді;
2012 жылы Орал қаласында өткен Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX-Республикалық фестиваліне Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленді.
2015 жылы «Еңбек ардагері» атағын иеленді.
2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде қаласында XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасындағы – Полковник Лукьянов рөлі үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанты атанды.