Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Исабекова Бақыт Арғынғазықызы - 1959 жылы 17 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген.

1976 жылы Семей облысының Баршатас ауылының орта мектебін бітірген.

1978-1982 жылдары  Алматы мемлекеттік көркем театр институтының актер бөлімін тәмамдады.

1982-1986 жылдары Абай атындағы Семей музыкалық драма театрында қызмет атқарды.

1990 жылы  «Қаламқас» ансамблінің белді әншісі болып, Венгрия елінде өнер көрсетті.

1991 жылы  Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының алғашқы қойылымы Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоқты» спектаклінде Ақтоқты рөлін сомдады.

Туған жылы: 17 қаңтар 1959ж.
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сомдаған рөлдері:
Бақыт Исабековамен шығармашылық бірлестікте жұмыс істеген режиссерлер:

Шәкірт кезеңінде Қазақ КСР Халық артистері - Ыдырыс Ноғайбаев, Кәукен Кенжетайұлы, Қазақстанның Халық артисі – Рабиға Қаныбаева, Гүлжахан Жанысбаева сынды сахна майталмандарынан тәлім алып, шығармашылық бірлестікте болды.

Фильмдегі рөлдері:
  • «Ұстаз» (2014), «Мұраға қалған махаббат» (2016), «Алтын ұя»

(2016), «Алжир» (2017) сынды фильмдер мен соғыс, ашаршылық тақырыбындағы деректі фильмдерге түсті. «Қанмен жазылған хат» деректі фильмінде басты рөлді сомдады. Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған деректі фильмде әлемге әйгілі режиссердің анасының образын сомдады. 

Жетістіктері:
    • 1984-1985 жылдары Венгрия, Болгария, Югославия,Чехия елдерінде өткен

    «Қазақстан күндері» атты өнер сапарында өзінің зор үлесін қосты.

    • 1995 жылы Қ.Мұхамеджанов «Біз періштеміз бе?» спектакліндегі

    Асыл образы үшін  «Ең үздік әйел рөлі»  номинациясымен марапатталды.

    • 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен

    Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде өнер көрсетті.

    • 1999 жылы Египеттің Каир қаласында өткен Дүниежүзілік

    эксперименталдық спектакльдер фестиваліне қатысқан «Қанды азу» қойылымында Әже рөлін сомдады.

    • Түркменстан, Бішкек, Ташкент, Түркия, Ресей елдерінде бірнеше

    мәрте гастрольдік сапармен өнер көрсетті.

    • 2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында

    Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне үздік деп танылған Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (Спектакльдің қоюшы режиссері - Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) қойылымында Ақбала кейіпкерін кескіндеді.

    • 2011 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы

    Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін иеленді.

    • 2011 жылы «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
    • 2014 жылдың 15-18 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткен

    қайраткер, тұлға, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаш Ардақтысы» аймақтық театр фестиваліне Бақыт Исабекова басты рөл – Ай бейнесін кескіндеген Әкім Таразидің «Люстра» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Үкілі жұлдыз» фарс-трагедиясымен қатысып, Гран-при жүлдесін қанжығалады.

    • 2017 жылы Мəдениет жəне өнер саласы қызметкерлері күні

    Мерекесінде еліміздің мəдениеті мен өнерінің дамуына қосып келе жатқан орасан зор еңбегі үшін Астана қаласы əкімі Əсет Исекешев атынан Алғыс хатпен марапатталды;