Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аймағамбет Айман Өтегенқызы - 1959 жылы  9 қарашада Жезқазған облысы, Қарсақбай ауылында дүниеге келді.

1967-1977 жылдары  Ж.Жабаев атындағы орта мектепті бітірген.

1978-1980 жылдары Жезқазған облыстық филармониясының «Жезкиік» ансамблінде әнші қызметін атқарған.

1980-1984 жылдары Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесінің әнші-дирижер факультетін бітірген.

1984-1989 жылдары Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы театр және көркем сурет институтын «кино және музыкалық драма актері» бөлімін үздік бітірді.

1989-1991 жылдары Жезқазған сазды драма театрында жұмыс істеді.

 1991 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін атқарып келеді. «Құрмет» грамотасының иегері. Театрда қызмет жасаған жылдары Ташкент, Уфа, Германия, Ресей қалаларында гастрольдік сапарларда болды.

Туған жылы: 9 қараша 1959ж.
Сомдаған рөлдері:
Марапаттары:

1991 жылы «Құрмет» грамотасының иегері.

- 2005 жылы ХІІІ-ші Республикалық театр фестивалінде Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» спектакліндегі «Ана» рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері.

- 2010, 2012, 2013 жылдары Астана Мәдениет басқармасының бірнеше мәрте алғас хат иегері.

- 2016 жылы Өнерге сіңірген қызметі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

- 2016 жылы актриса Айман Аймағамбет Шарлотта рөлін кескіндеген А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды.

- 2017 жылы «Шие» комедиясы Челябі қаласында (Ресей)  МАУ «Спартак

балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне,

Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне  қатысып, театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутиядан арнайы  шақыртылған  танымал  театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.