https://kaztheatre.kz/kz/teatr-zhymy/akterlik-ram/98-n-rlanov-ke-es-zimkhan-ly#sigProIda2f406fe48
Нұрланов Кеңес Әзімханұлы 1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында туған.
1969-1979 жылдары Ақтоғай совхозының орта мектебін бітірді.
1979-1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер институтын Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, профессор Ш.Жандарбекованың сыныбынан кино және драма актері мамандығы бойынша бітірді.
1983 жылы Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрына қабылданды.
1993 жылдан бері Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына ауысты.
1996 жыл ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері.
2006 жылы ҚР ерен еңбегі үшін медалінің иегері.
2007 жылдан елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шақыруымен қызмет атқарып келеді.
2012 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
2014 жылдан бастап жыл сайын жас дарындарға арналған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Кеңес Нұрланов атындағы сыйақы тағайындалды.
2016 жылы актер Фирс шалды кейіптеген А.Чеховтің «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан драма театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды.
2017 жылы Челябі қаласында (Ресей) МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін «CHELoBEK ТЕАТРА» V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне актриса Ақмарал Танабаева басты рөлді ойнаған А.Чеховтың «Шие» комедиясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивальдерінен театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері –Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері Сергей Потапов.
- М. Мақатаев «Дариға жүрек» - жас Мұқағали
- Т. Нұрмағамбетов «Жоғалған көл» - Қанат
- С. Балғабаев «Қыз жиырмадан асқанда» - Есімсейіт
- С. Сматаев «Зар-заман» - Нұралы сұлтан
- Б. Мұқаи «Заманақыр» - Әли
- И. Сапарбай «Ауылдан келген ару» - Жәнібек
- М.Әуезов «Айман – Шолпан» - қортық шал
- «Қарагөз» - Нарша
- «Еңлік – Кебекте» - Кебек
- «Абай» - Әбдірахман, Керім
- Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Қозы, Қодар
- «Ақан сері – Ақтоқты» - Балта
- М.Мақатаев «Қош махаббат» - Қасым
- Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат» - Ганефельд
- С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» - Бүркіт
- Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі» - Құмар
- Қ.Гоцци «Турандот ханшайым» - Калаф
- С.Торайғыров «Қамар сұлу» - Ахмет
- Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Момын шал
- Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» - Құдайменде
- О.Бөкей «Құлыным менің»- Қаражан
- М.Шаханов «Көкейтесті» - Шоқан
- Э.Хушвақтов «Қызыл алма» - Оразбай
- А.Цагарели «Гамарджоба» - Акоп
- Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» - Әмір
- И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - Амадей
- М.Фриш «Дон Жуанның думаны» - Дон Диего
- Е. Жуасбек «Терең тамырлар» - Асқар
- У.Шекспир «Гамлет» - Полоний
- Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» - Әбдіқадыр
- Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» - молда
- А.Чехов «Шие» - Фирс шал
- М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Дүйсен
«Жансебіл» - Мұқатай, «Айдай сұлу Айсұлу» - Жақсыгелді, «Батыр Баян» - Ноян , «Мотоциклді адам» - Сапар образдары актердің киноэкрандағы шыққан биіктері, «Жетімдер» - Әке, «Біржан сал» - Бұйдабек, «Қарсы бақылау» - Айдын, «Арман асуы» - Базарбек, «Әулет» - ауыл әкімі, «Қарлығаш» - Жомарт, «Судағы із» - Әлібек.