Актер

Молдахмет Аманжол Бөкешұлы 1965 жылы 25 шілде айында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы , Жаңа-талап, қазіргі Т.Жүргенов ауылында дүниеге келген.

1982-1984 ж.ж. Алматы қаласындағы Театр студиясынан білім алды.

1984-1986 ж.ж. Әскер қатарында борышын өтеді.

1986-1994 ж.ж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр және кино актеры мамандығы бойынша бітірген.

1994-1996 ж.ж. Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау қаласының қазақ театрында актер қызметін атқарған.

1996-1997 ж.ж. Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ театрында қызмет атқарды.

2000 жылдың 19 желтоқсан айынан Астана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер қызметін атқарып жатыр.

Туған жылы: 25 шілде 1965ж.
Сомдаған рөлдері:
Ертегілер:

С. Аксалов «Ал қызыл гүл» - Көпес, Уно Лейес «Айға ұшқан буратино» - Буратино,  С. Маршак «Үйшік» - кірпі, Ш. Устинов «Маленький Шарманшик» - урод, Ш. Жүнісов «Орман ертегісі» - Маймыл, «Сиқырлы шөп» - Бақсы, «Жеті лақ» - лақ, қасқыр, «Қар ханымы» - ханзада, «Құпиялы мереке» - Аяз ата, «В строме музыки» - музыкант, «Алтын сақа» - Щоң би, Желаяқ, «Алдардың айласы» - ит.