Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

10.03.2026

ПРЕМЬЕРА! Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры  «ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ» спектаклінің премьерасын ұсынады

 

Наурыз айының 11-12 күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермен назарына Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасының премьерасын ұсынады. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Миргалиева. Қоюшы және киім суретшісі – “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Шынар Елембаева. Пластика режиссері – Асан Боранчиев. Хореограф – Карина Жиренбаева.

 

Ер мен әйел – екеуі екі кеңістік. Екі ғалам. Кейде тағдыр желі сол екі ғаламды түйістіріп, бір-біріне жақындатады. Бірақ түйісу – толық бір болу емес. Әр адам – жалғыз. Сол жалғыздығы – оның өзіне ғана тән ғарышы, құпияға толы ішкі әлемі. Бірінің жарығы – күңгірт, бірінің шырағы – алау. Бірақ әркімнің аспаны – өзінікі…  

Адам баласы үшін шын мәні бар дүние – өзінен қалған ізі, іштегі жарықтың өзге жүректе жалғасуында…

 

Спектакльде басты рөлдерді екі құрамда Арай Омарова, Бегімнұр Қалила, ҚР “Серпер” Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, Қобыланды Болат, Қайыржан Садықов, Ерғұлан Жанпейісов сомдайды.

 

Өтетін күні/уақыты: 11-12 наурыз, 19.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1

 

 

 

 

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru

                                                          + 7 705 9902595 (WhatsАpp)

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?