Бүгін Халықаралық театрлық акустикалық мектептің ІІ-ші білім беру сессиясы аяқталды
Халықаралық театрлық акустикалық мектептің ІІ-ші білім беру сессиясы аяқталды
Театрымыздың актрисасы Инабат Әденова Халықаралық театрлық акустикалық мектептің ІІ-ші білім беру сессиясына қатысып, кәсіби белсенділігі мен шығармашылық ізденісі үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Бұл сессияға Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның жас театр әртістері қатысып, төрт күн бойы шеберлік сабақтарына, тәжірибе алмасу мен театрлық зерттеулерге қатысты.
Шараның құрметті қонағы – Чехов театр фестивалінің директоры, Халықаралық театр бірлестігі конференциясының президенті Карина Цатурова болды.
Сессияның қорытындысында қатысушылар «Құстарды бақылау» («Birdwatching») атты шығармашылық спектакльді сахналады.
Барша ұжым атынан әріптесіміз Инабат Әденованы осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

