Билет сатып алу
«ГҮЛ КӨКТЕМ» Театр артистерінің мерекелік ән шашуы

Көктемнің шуақты мерекесі «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде» Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының артистері көрермен назарына «Гүл Көктем» атты мерекелік ән шашуын ұсынады. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев. Хормейстер – Ержан Сансызбаев. Басталуы: 19.00.

Театрда вокалдық хор ұжымы 1991 жылы құрылып, бас хормейстері болып Амантай Жұмашев бекітілген болатын. Театр артистерінен құралған вокалдық топ отыз жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде спектакльдерде арнайы шығармаларды орындап, бірнеше концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Мерекелік концертте Н.Тлендиевтің «Шіркін-ай»,  «Құстар әні», халық әндерінен попурри, Қ.Шілдебаевтың «Жан ана», А.Жұмашевтің «Ән-айтыс», «Аққу Дастан»,  «Астана Бәйтерек», М.Құсайыновтың «Туған жер», А.Зацепиннің «Ана», «Рапунцель»  мультфильмінен «Шын бақыт – сүю», «Арыстан патша» мультфльмінен ән, «Назқоңыр», «16 қыз», «Қызыл құмда ауылым» халық әндері, Queen «The show must go on» т.б әндер орындалады.

Концертмейстер- Гүлден Базыкен. Сүйемелдеуші ансамбль мүшелері – Қуаныш Рахмет, Ақылбек Әнуар, Темірлан Шөкенов, Сұлтан Тұрсынбеков, Балжан Қанажанова, Олжас Дәлелхан, Маржаннұр Макибаева, Диана Бикенова. Концертке вокалдық топ құрамындағы 42 артист қатысады.