Билет сатып алу
ОРАЗА АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын!

 

Ораза айт мерекесі әрбір адамның жүрегіне иман сәулесін шашып, адамгершілікке үндейді. Жақсылығымызды асырып, қоғамды игі істерге және бастамаларға жұмылдырады. Осы арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, өзара сыйластық пен ырыс-ынтымағымызды арта берсін.

 

Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразаларыңызды, жасаған дұғаларыңызды қабыл еткей!

 

Әр отбасына амандық, жақсылық тілейміз. Оразадан оразаға, айттан-айтқа дейін аман-есен жете берейік! Еліміздің кей өңірлерінде болып жатқан су тасқынындағы қиындықтар артта қалып, мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Құрметпен, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы.