Театрымызда директордың және кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіпорынның комплаенс-офицері Г.С. Байкуатовпен дәріс өткізілді.
Театрымызда директордың және кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексіне сәйкес қызмет әдебінің жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығы туралы кәсіпорынның комплаенс-офицері Г.С. Байкуатовпен дәріс өткізілді.
Дәрісте басты назарға алатын мәселе – азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексінің негізгі қағидаттары мен нормаларын түсіну және оларды күнделікті қызметте басшылыққа алу. Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі – мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге адал қызмет етуді қамтамасыз ететін құжат. Кодексте көзделген қызмет әдебінің жалпы қағидаттары (заңдылық, адалдық,әділдік, ашықтық, жауапкершілік және кәсібилік) әрбір қызметші үшін міндетті бағдар болып табылады.
Бұл қағидаттар мен нормалардың жиынтығы азаматтық қызметшілердің:
– қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттырады;
– қызметтік тәртіпті сақтауға ықпал етеді;
– сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады;
– іскерлік беделді нығайтады және сенімге негізделген қарым-қатынасты қалыптастырады.
Осылайша, кодекстің негізгі талаптарын ұстану – азаматтық қызметшілердің кәсіби мәдениеті мен қызметтік әдебін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін басты шарт екені түсіндірілді.

