ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бұл мерекенің басты мақсаты – қоғамдағы отбасының рөлін айшықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әр шаңырақтың әл-ауқаты мен ынтымағына қоғам назарын аудару.
Отбасы – қоғамның берік іргетасы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізгі тірегі. Ынтымағы жарасқан отбасы – ел бірлігінің бастауы, жас ұрпаққа өнеге мектебі.
Бұл күн – баршамызды бірлікке, сыйластыққа, жақындарымызға қамқор болуға үндейтін, ата-ананы ардақтап, баланы қорғауға, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге шақыратын маңызды мереке.
Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, береке, бақыт пен татулық тілейміз!

