Рус Қаз Eng

ҚАЛЛЕКИЛІКТЕР КИНОДА!

29.05.2025

Театр және кино майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” және “Құрмет” ордендерінің иегері, профессор Лейло Ақназарқызы көрерменнің көзайымына айналған Күлімхан бейнесімен қайта оралады!

Халық жүрегінен ерекше орын алған «Келінжан» телехикаясының алтыншы маусымы түсірілуде. Бұл жолы да оқиға желісі шынайы ауыл өмірін, салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын арқау етеді.

Сүйікті актрисамыз сомдайтын Күлімхан апа бейнесі – мейірім мен даналықтың символы. Әр сөзінде астар, әр қимылында тәрбие жатқан бұл образ көрерменнің көңілінен орын алып, үлкен мен кішінің арасына дәнекер бола білді.

Түсіру жұмыстары Алматы облысы, Аққайнар ауылында өтіп жатыр.
Жаңа маусым күзде «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Өнердің қос қанатындай – театр мен киноны қатар бағындырып жүрген Лейло Ақназарқызына шығармашылық табыс тілейміз!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?