“ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ” СПЕКТАКЛЬДЕР ШЕРУІ
Құрметті көрермен! Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Халықаралық театр күні мерекесіне орай, наурыз айының 21-27 күндері аралығында дәстүрлі “Қаллеки тынысы” атты спектакльдер шеруін өткізеді.
Шара аясында театр сарапшылары мен көрермен назарына 2025 жылдың наурыз айы мен 2026 жылдың наурыз айы аралығында жарық көрген премьералар көрсетіледі.
Театр сарапшылары спектакльдердің толық талдауын жүзеге асырып, үздіктерді анықтайды.
Сонымен қатар, көрермендер де театр фойесінде арнайы анкетаны толтырып, дауыс беру арқылы үздіктерге қолдау білдіре алады.
ТЕАТРДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1

