Билет сатып алу
ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ – АЛМАТЫДА!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары!

Мамыр айының 2-8 күндері аралығында Астана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ГАСТРОЛЬДІК ҚОЙЫЛЫМДАРЫН тамашалауға шақырамыз!

2 мамыр күні Таласбек Әсемқұловтың «ҚҰНАНБАЙ» драмасы,
режиссері: Б.Ұзақов

3 мамыр күні М.Әуезовтің «АЙМАН-ШОЛПАН» музыкалық комедиясы,
режиссері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина

4 мамыр күні Халифа Алтай мен Хасен Оралтайдың «АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ» қойылымы,
режиссері: Ф.Молдағали

5 мамыр күні Айвон Менчеллдің «СЕН МАҒАН КЕРЕКСІҢ» трагикомедиясы,
режиссері: Ұ.Қарыпбаев

Низами Гәнжәуидің «ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН» поэмасы,
режиссері: Б.Абдураззаков

6 мамыр күні Ғабит Мүсіреповтың «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы,
режиссері: Г.Балпейісова

7 мамыр күні Серік Тұрғынбекұлының «ШӘМШІ» элегиясы,
режиссері: Б.Ұзақов

8 мамыр күні Роза Мұқанованың «БОПАЙ ХАНЫМ» қойылымы
режиссері: Ж.Жұманбай

3 мамыр және 7 мамыр күндері сағат 21.00-де Оралхан Бөкейдің «ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ» драмасы ұсынылады.

ӨТЕТІН ОРНЫ: М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ (Алматы қаласы, Абай даңғылы 103)

Билеттер тикетон кз сайтында сатылымда!
Байланыс үшін:

+7 707 209 1284
+7 702 920 2531
+7 701 676 4680
+7 775 913 7110