Билет сатып алу
Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен келед

Қойылымдар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанады.

2023 жылғы 2-8 мамыр аралығында Алматы қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өтеді.

Гастрольдік сапар аясында Қаллеки театрының репертуарындағы үздік қойылымдар сахналанады. Олар:

    • Таласбек Әсемқұловтың “Құнанбай” драмасы (режиссері – Б.Ұзақов);
    • Мұхтар Әуезовтің “Айман-Шолпан” музыкалық комедиясы (Режиссері – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина);
    • Оралхан Бөкейдің “Ұйқым келмейді” драмасы (режиссері – Б.Сұлтанғазы);
    • Халифа Алтай, Хасен Оралтайдың “Алтайдан ауған ел” қойылымы (режиссері – Ф.Молдағали);
    • А.Менчеллдің “Сен маған керексің” трагикомедиясы (режиссері – Ұ.Қарыпбаев);
    • Н.Гәнжәуидің “Ләйлі-Мәжнүн” поэмасы (Б.Абдураззаков);
    • Ғабит Мүсіреповтің “Баян Сұлу – Қозы Көрпеш” музыкалық драмасы (режиссері – Г.Балпейісова);
    • Серік Тұрғынбекұлының “Шәмші” элегиясы (режиссері – Б.Ұзақов);
    • Роза Мұқанованың “Бопай ханым” тарихи трагедиясы (режиссері – Ж.Жұманбай).

      Қойылымдар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанады. Қаллеки тетарының Алматыдағы гастрольдік қойылымдар кестесі: