Билет сатып алу
«Қызыл алма» қойылымы – Португалияда!

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Халықаралық театр фестиваліне шақырту алды.

Театр реперутарындағы «ҚЫЗЫЛ АЛМА» лирикалық комедиясы
MIT (MOSTRA INTERNACIONAL DE TEATRO) халықаралық театр шоуының бағдарламасына енді.

MIT халықаралық театр шоуы 2023 жылғы мамырдың 2-6 күндері аралығында Португалия мемлекетінің Брага, Барселуш, Майа қалаларында өтеді.
Еуропа мен Азия елдері арасындағы мәдени көпірді жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған фестивальге Қазақстан, Кипр, Грузия, Италия, Португалия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан елдерінің театрлары қатысады.
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының (Қазақстан, Астана қ) «Қызыл алма» лирикалық комедиясы 5 мамыр күні Португалияның Майа қаласында, 6 мамыр күні Брага қаласында көрсетіледі. Авторы – Э.Хушвақтов. Режиссері – В.Умаров. Спектакльдің актерлік құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлбаршын Қылышбай, Кеңес Нұрланов, Асылбек Қапаев, актриса, «Мәдениет саласының үздігі» Бақытгүл Батырханова, жас артистер Біржан Жүнісов пен Аяужан Малгаждарова бар.

ETA — EURASIA театр қауымдастығы аясында және Португалия Мәдениет министрлігі мен Брага муниципалитетінің қолдауымен CTB — Braga Театр компаниясы екінші жыл Брага, Барселуш және Майа қалаларында «MIT-MOSTRA INTERNACIONAL de TEATRO» Халықаралық театр шоуын ұйымдастыруда.