Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

22.09.2025

Ресей қаласында өткен «Амурская осень» Халықаралық кино және театр фестивалінде театрымыздың талантты актері Ержан Нұрымбет «Ароматное сердце» психологиялық драмасындағы басты рөлі үшін «ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ» номинациясымен марапатталды.

«Ароматное сердце» – Мәдениет және Ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау» орталығының қолдауымен түсірілген психологиялық драма. Фильмнің қазақша атауы – «Жұпар жүрек».

Фильмнің негізгі кейіпкері Самат – түрмеден шыққан, ішімдікке тәуелді адам. Жүрек трансплантациясынан кейін ол өзін мүлде басқа адамдай сезінеді. Жаңа жүрек оның өмірін түбегейлі өзгертеді.
Фильмнің режиссері Максим Кодаров.

Театр ұжымы атынан әріптесіміз Ержан Нұрымбетті үлкен жетістігімен құттықтаймыз!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?