ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекетіміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін театрымыздың негізін қалаушы, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ыбраев Болат Қалыбекұлы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен марапатталды!
Барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!

