Билет сатып алу
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақ кәсіби театр өнерінің негізін қалаған сахна саңлағы Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығымен қатар келген Наурыз мерекесі және халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның ресми бөлімінде театрымыздың үздік қызметкерлері мен театр сүйетін, премьерадан қалмайтын көрермендеріміз және театрдың жаңалықтары мен жақсылығын елге жеткізіп жүрген БАҚ өкілдері марапатталды.

Марапат иелері:

«Қалибек Қуанышбаев атындағы Үздік Ер адам бейнесі» номинациясы – Дастан Әлімов.
«Әзірбайжан Мәмбетоватындағы Үздік Әйел адам бейнесі» номинациясы – Алтынгүл Серкебаева.
«Жақып Омаров атындағы ІІ пландағы ер адам бейнесі» номинациясы – Қайыржан Садықов.
«Қадыр Жетпісбаев атындағы ІІ пландағы әйел адам бейнесі» номинациясы – Динара Егубаева.
«Мұрас Нәсіпов атындағы Жастар сыйлығы» – Әнуар Бектас.
«Шолпан Мұқышева атындағы сыйлық» – Алтынай Нөгербек.
«Шәміл Жүнісов атындағы сыйлық» номинациясы – Магира Канапьянова.
«Шолпан Елгезекова атындағы сыйлық» – Арай Ермағамбетова.
«Әшірбек Сығай атындағы сыйлық» – Ләззат Омарова.
«Ұлмекен Мағзұмова атындағы сыйлық» – Әсем Чапай.
«Қайыржан Маханов атындағы сыйлық» – Ғалия Сатыбалдина.

Үздік көрермендеріміз Диана Ербусанова, Аида Датқызы. Сонымен қатар үздік көрермендерімізге театр ұжымы бір ай спектакльдерге тегін сертификат табыстады.