ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Санкт-Петербург қаласында өткен «Молодежь.Театр.Фест.» халықаралық театр фестивалінде Елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры жоғары деңгейде өнер көрсетіп, халықаралық сахнада қазақ театрының мерейін үстем етті.
Әлемнің әр елінен келген үздік театр ұжымдары бас қосқан беделді фестивальде театрымыз Уланбек Баялиевтің режиссерлігімен сахналанған Ромео мен Джульетта синема-эпосын ұсынып, кәсіби шеберлігімен, сахналық мәдениетімен және актерлік қуатымен шетелдік көрерменнің де, театр мамандарының да жоғары бағасына ие болды.
Үздіктер қатысқан халықаралық алаңда үздіктер қатарынан көріну — үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Бұл жетістік — шығармашылық ұжымның табанды еңбегі мен қазақ театр өнерінің биік деңгейінің айқын дәлелі.
Фестиваль барысында театрымыз тек спектакль ұсынып қана қоймай, ұлттық өнердің тереңдігін, заманауи театр тіліндегі ізденісін және сахналық эстетикасын халықаралық аудиторияға кеңінен таныта алды.
Бұл сапар — театр тарихындағы маңызды белестердің бірі әрі жаңа шығармашылық жеңістерге бастар үлкен қадам.
Бұл сапар — театр тарихындағы маңызды белестердің бірі әрі жаңа шығармашылық жеңістерге бастар үлкен қадам.







