1 қазан – Қарттар күні құтты болсын!
Құрметті ардагерлеріміз, қазыналы қарттарымыз!
Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – бізге әрқашан өнеге болып келе жатқан асыл қазынамыз – сіздерге құрмет пен алғыс айту күні. Сіздердің ақыл-парасатыңыз, ерен еңбектеріңіз, ұрпаққа қалдырған өсиеттеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына.
Ұрпақ қамы үшін төккен терлеріңіз бен айтқан ақ баталарыңызға мың алғыс!
Алдыңыздағы әр күніңіз қуанышқа, жүректеріңіз шаттыққа толы болсын. Ұрпақ қызығына кенеле беріңіздер!

