Билет сатып алу
17 наурыз – Шаңырақ күні

Наурызнаманың төртінші күні –  «Шаңырақ күні». Қазақ өркениетінде «Шаңырақ» сөзі киелі мазмұнға ие. Бүкіл ұлт тұтас ірге жайған қара шаңырақ – ұрпақтар өрбіген қуатты ұя саналады.

Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні болып аталып өтіледі.

Қазақта қара шаңырақ киелі ұғым болғандықтан, халқымыз шаңырақты әрдайым қастерлеп өткен. Себебі, осы шаңырақ арқылы ұлтымыздың тамыры тереңге жайылып, ынтымағымыз берік сақталды.

Шаңырақ күнінде отбасы құндылықтары кеңінен дәріптеледі. Отбасылық танымдық шара ұйымдастырылып, береке-бірлігі жарасқан жанұялар көпшілікке насихатталады.