Билет сатып алу
20 Наурыз – «Ұлттық спорт күні»

Бүгін «Наурызнаманың» алтыншы күні. Осыған сәйкес, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні болып бекітілді. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді.

Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.

Ұлттық спорт күніне орай, барлық аймақта ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Ұлттық ойын – халық мұрасы», «Ұлы дала тарландары» тақырыптарында қазақ күресі, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту, ләңгі тебу секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.