Билет сатып алу
22 наурыз – Жыл басы

«Жыл басы» – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн.

«Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.

Наурыз мейрамы – жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке.

Биыл Наурыз мейрамы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта тойлана бастады. 14 наурызда «Наурызнамa» онкүндігі басталды. Мерекенің жаңа форматы бізге қазақ мәдениетінің байлығы мен халқының алуан түрлілігіне назар аударуға, дәстүр-салтымызды жаңғыртуға мүмкіндік береді.