Қадыр Жетпісбаев 1941 жылы 20 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1959-1964 жылдары аралығында Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Өнер институтында «Режиссура» мамандығы бойынша білім алды.
Шығармашылық жолы:
– 1964-1968 жылдары Қазақтың жасөспірімдер мен балалар театрының режиссері;
– 1968-1970 жылдары Мәскеу қаласында жоғары режиссерлік курсты тәмамдады;
– 1972-1974 жылдары Торғай облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері;
– 1974 жылы М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында режиссер болып қызмет атқарды;
– 1975-1978 жылдары аралығында Республикалық Ұйғыр музыкалық драма театрында бас режиссер;
– 1978-1991 жылдары аралығында М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына режиссер болып қайта қабылданады;
– 1991-1996 жылдар аралығында Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтында режиссура пәні бойынша ұстаздық қызмет атқарды;
– 1996 жылы Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Ақмола облыстық театрының (қазіргі Қ.Қуанышбаев атындағы театр) көркемдік жетекшісі болып қызметке жіберілді;
– 1996-1998 жылдары елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болып қызмет етті;
– 1999 жылы 20 сәуір күні өмірден озды.
- Сахналаған Спектакльдері:
- У. Шекспир «Юлий Цезарь»;
- Ә. Тауасаров «Махаббат аралы»;
- М. Әуезов «Хан Кене»;
- Қ. Жетпісбаев «Қалыңдық пен күйеу»;
- Қ. Мұқашев «Дала дастаны»;
- О. Бөкей «Құлыным менің»;
- К. Әбдірахманов «Қабанбай батыр» және т.б.
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарған кездерінде:
М. Әуезов «Қанды азу», (режиссері Болат Ұзақов), М.Байжиев «Құдалар» (режиссері Қуандық Қасым) спектакльдеріне жетекшілік етті.
Ұлттық өнерге сіңірген еңбегі үшін:
– 1976 жылы, 1980 жылы ҚР Жоғарғы кеңесінің
Құрмет грамотасымен;
– 1982 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
– 1998 жылы наурыз айында «Қазақстанның Халық артисі» құрметті атағымен марапатталды.
Қадыр Жетпісбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының орта буын актерлерінің болашағына жол ашқан бірден-бір
ұстаз-режиссер ретінде театр тарихында есімі сақталары сөзсіз.
1999 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей шақыртуымен белгілі режиссер, Халық қаһарманы Ә. Мәмбетовтің аталмыш театрға келуі, оның кәсіби қалыптасу кезеңінің жаңа беттерін ашқандай болды. Сахнаның тым тарлығына қарамастан «Ана – Жер-Ана», «Қан мен тер», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сынды ірі қойылымдарды сахналауы жас театрдың дамуына бірден-бір оң әсерін тигізді.
Суреттер: