Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Елорда - өнер өлкесі» шығармашылық кездесулері туралы өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ермек Рахимов айтты.

Қала басшылығы елорда театрларының дамуына ерекше көңіл бөледі. «Елорда - өнер өлкесі» шығармашылық кездесулері театр саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді деп ойлаймыз. Бүгінде елордада 9 мемлекеттік театр жұмыс істейді, - деді ол.

Рахимов атағандай, театрлар Ashyq қосымшасын қолдана отырып, қала тұрғындарына рухани азық сыйлады.

Қала тұрғындары мәдени шараларға деген қызығушылықтары басым екені көрінді. Себебі билеттердің барлығы бірден сатылып кетіп жатты. Осындай рухани кездесулердің болғаны елдің мәдениетін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және елорда күні қарсаңында 21 маусым күні Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері арасында «Елорда - өнер өлкесі» шығармашылық кездесуі өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы барлық шара мәдениетті ілгерілетуге, дәстүрлерді жаңғырту мен саламатты өмір салтын дамытуға бағытталған.

baq.kz

Добавить комментарий