Авторы – Айвонн Менчелл.

Қазақ тіліне аударған – Н.Сауданбекұлы.

Режиссері – Ұланмырза Қарыпбаев.

Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов.

Костюм суретшісі – Шынар Елембаева.  

Хореограф – Салтанат Жолымбаева. 

Спектакль екі құрамда Қаллеки театрының негізін қалаушылары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Т.Атымтаева, Б.Исабекова, Г.Қылышбай, А.Аймағамбет, З.Карина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері К.Нұрланов, М.Қайсанов, Қазақ мәдениетінің қайраткерлері Б.Жұмағұлова, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Б.Мақсұтова басты рөлдерді сомдап шықты. Жаңа қойылымды сахналау үшін жас режиссер, Қырғызстан мәдениетінің үздігі Ұланмырза Қарыпбаев Қаллеки театрына арнайы шақыртылған.

Махаббат - дүниедегі ең ұлы сезім. Адам жанын жадыратып,  қай жасында да, жүрегіне бақыт ұясын орнықтыратын күші бар ғажап сезім. Жүрегін махаббат мекендеген жанның жүзі нұрланып, келер күнге зор үмітпен, шексіз бақытпен көз салады.Адам жүрегін махаббат мекендегенде ғана өмір сүріп жатқанын сезінеді. Ал, сол жаннан мәңгіге айырылып қалсақ, ары қарай қалай өмір сүреміз? Дәл бұрынғы кездегідей бақытты бола аламыз ба? Ол жанның орнын басқа жан толықтыра ала ма? Осы және өзге де өзекті сұрақтардың жауабын дәл осы қойылымнан көре аласыздар. Қойылымның негізгі идеясы басымыздан қандай сынақ өтсе де үміт үзбеу. Ертеңімізге, болашағымызға сену. Қанша жасқа келсек те, сүйе білу.

Сонымен қатар, «Күзгі іңір» қойылымының премьерасына орай, БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ  ұйымдастырылады.

Баспасөз конференциясына театр директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев, режиссер Ұланмырза Қарыпбаев және театр артистері қатысты.

 

Добавить комментарий