Астанада Халық аспаптар ансамблі мерейтойлық концерт ұсынады
Ұжым құрамында домбыра, сыбызғы, дауылпаз, шаңқобыз, шіңкілдек, сазсырнай, жетіген, қылқобыз және өзге де ұлттық аспаптарды кәсіби деңгейде меңгерген орындаушылар өнер көрсетеді.
Ұжым құрамында домбыра, сыбызғы, дауылпаз, шаңқобыз, шіңкілдек, сазсырнай, жетіген, қылқобыз және өзге де ұлттық аспаптарды кәсіби деңгейде меңгерген орындаушылар өнер көрсетеді. Дирижері – Берік Сарыбай. Сонымен қатар ансамбль қатарында бірнеше музыкалық аспапта еркін ойнайтын кәсіби музыканттар мен жас композиторлар бар.
Ансамбль Халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты. 2021 жылы «AsiaFolk 2021» халықаралық онлайн фестивалінде Гран-При және І дәрежелі дипломға ие болса, Францияда өткен «Nouvelles Étoiles» халықаралық байқауында «Классика және джаз» номинациясы бойынша І орын иеленді.
Бес жылдық мерейтойға арналған концерт бағдарламасына халық күйлері, классикалық шығармалар, авторлық туындылар және заманауи өңдеулер енгізілген. Музыкалық кеш ұлттық өнердің бай мұрасын, дәстүр мен жаңашылдықтың үндестігін паш ететін мазмұнды мәдени шара болмақ.
Мерейтойлық концерт театр көрермендері мен ұлттық музыка өнерін қадірлейтін қауымға ансамбль шығармашылығының жетістіктерін таныстыруға арналған.

