4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын қасиетті құндылықтар. Олар еліміздің өткені мен бүгіні сабақтастығын, ұлттық бірегейлігі мен рухани байлығын бейнелейді.
Осынау мерекеде баршаңызға амандық, бақ-береке және еліміздің жарқын болашағына деген сенім тілейміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын!
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымы

