Рус Қаз Eng
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

03.06.2026

ҚАЛИБЕК ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ

ХАЛЫҚ АСПАПТАР АНСАМБЛІ

5 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНЦЕРТІН ҰСЫНАДЫ

 

6 маусым күні сағат 18:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблінің құрылғанына 5 жыл толуына орай мерейтойлық концерт өтеді.

Халық аспаптар ансамблі 2021 жылы құрылып, осы уақыт аралығында театрдың музыкалық қойылымдарының ажырамас бөлігіне айналды. Ұжым Е.Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиясында, Ғ.Мүсіреповтің «Баян сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасында, М.Әуезовтің «Айман – Шолпан» музыкалық комедиясында, «Кешкі…7» спектакль-концертінде және басқа да  қойылымдардың музыкалық сүйемелдеуін жүзеге асырып келеді. Театр қойылымдарына қатысумен қатар ансамбль ұлттық музыкалық мұраны дәріптеуге бағытталған жеке концерттік бағдарламалармен де көрермен қауымға тұрақты түрде өнер көрсетеді.

Ұжым құрамында домбыра, сыбызғы, дауылпаз, шаңқобыз, шіңкілдек, сазсырнай, жетіген, қылқобыз және өзге де ұлттық аспаптарды кәсіби деңгейде меңгерген орындаушылар өнер көрсетеді. Дирижері – Берік Сарыбай. Сонымен қатар ансамбль қатарында бірнеше музыкалық аспапта еркін ойнайтын кәсіби музыканттар мен жас композиторлар бар.

Ансамбль Халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты. 2021 жылы «AsiaFolk 2021» халықаралық онлайн фестивалінде Гран-При және І дәрежелі дипломға ие болса, Францияда өткен «Nouvelles Étoiles» халықаралық байқауында «Классика және джаз» номинациясы бойынша І орын иеленді.

Бес жылдық мерейтойға арналған концерт бағдарламасына халық күйлері, классикалық шығармалар, авторлық туындылар және заманауи өңдеулер енгізілген. Музыкалық кеш ұлттық өнердің бай мұрасын, дәстүр мен жаңашылдықтың үндестігін паш ететін мазмұнды мәдени шара болмақ.

Мерейтойлық концерт театр көрермендері мен ұлттық музыка өнерін қадірлейтін қауымға ансамбль шығармашылығының жетістіктерін таныстыруға арналған.

 

Өтетін күні/уақыты: 6 маусым, 18.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

 

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru  

                                                                          + 7 705 990 2595 (WhatsАpp)

                                                    + 771 189 8150

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?