Рус Қаз Eng
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра
Миниатюра

Әйел құпиясы

Бұл спектакльде біздің қоғам үшін өзектілігі басым тұрған тастанды, жетім балалар және жалғыз басты аналар тақырыбы қозғалады. Яғни, таңдап отырған спектакльде бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырып қамтылған. Қай заманда болса да ел болашағы өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екені анық. «Тәрбие – тал бесіктен», – дейді халқымыз. Сол ұрпақты дүниеге әкелетін, оған тәрбие беретін Аналарымыздың жағдайы бұл күнде қандай? Неге қоғамда тастанды балалар көбейді? Туа салып сәбиінен жерінетін безбүйрек аналар қайдан шықты? Қазіргі кезде жетім балалар үйінде қаншама сәби ана мейірімін, ана қамқорлығын сезінбей өсіп келеді. Ананың аялы алақанынының жылуын сезінбеген бала қатыгез болып өседі. Ондай ұрпаққа қара шаңырақ, туған жер, отан деген ұғымдар жат болуы мүмкін. Дүниені тек байлықпен, ақшамен ғана өлшейтін алпауыттарға не дейміз? Қай қоғамның болса да ең қасиетті құндылығы Ана мен Бала болу керек! Ана – тіршілік көзі, Бала – өмірдің жалғасы! Аталмыш спектакль ұрпағының болашағы үшін жанкешті тірлікке барған ана туралы болмақ.

Э.Филиппоның «Әйел құпиясы» қойылымы әйел тағдырын қозғайды. Оның көрген қиыншылықтары, тағдыр тауқыметі туралы шығарма. Бұл спектакль әр адамның ұрпақ алдындағы жауапкершілілікті сезінуге және Алла алдындағы жауапкершілікті сезінуге  шақырады. Жер бетінде не болса да бір Жаратушының ғана қалауымен болады. Сол себептен, бұл қойылымның маңызы зор.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Филумена Мартурано  Жанат Чайкина

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Алтынай Нөгербек

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Доменико Сориано

Кеңес Нұрланов

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сырым Қашқабаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Альфредо Аморозо

Аманжол Молдахмет

Мәдениет саласының үздігі

Самат Байыров

Мәдениет саласының үздігі

 

Розалия Солимене  

Зибагүл Карина

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Бақытгүл Батырханова

Мәдениет саласының үздігі

 

Диана

Динара Егубаева

Саида Сағынова

 

Умберто

Бейбарыс Сәрсен

Біржан Жүнісов

 

Риккардо

Әли Қалдар

Қайыржан  Сыздықов

Микеле  

Бибарыс Орман

Руслан Алишев

 

Адвокат Ночелла

Асхат Сұлтан

Мәдениет саласының үздігі

Ақжол Мамыр

 

Филуменаның жас кезі

Саида Сағынова

Динара Егубаева

Бала  

Тлеужан Мариям

 

Премьерасы 2024 жылы 29,30 мамыр күндері өтті.

 

                        

Авторы: Эдуардо Де Филиппо

Режиссері: Б. Ұзақов

Жанр: лирикалық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 мин

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?