Рус Қаз Eng

ЖҮРЕК СЫРЫ…Махаббатым сен…

“Махаббатым сен” – махаббат пен өнер жайлы толғау

Өнердің де өз тағдыры бар. Ол да адам секілді туады, өседі, өмір сүреді, шарықтайды, кейде құлайды, кейде қайта түлеп, өркен жаяды. Ол да сүйеді, сенеді, сағынады, күледі, жылайды. Бірақ кейде өнер иесінің жанында мүлгіп, тығылып қалған саз секілді тыншиды. Дүниенің бүге-шігесін жете танымай тұрып, әнге талпыну да – тәуекел. Өнер – аманат. Ал аманатқа қиянат жүрмейді.

Бұл – жай ғана бір әннің тарихы емес. Бұл – бар қазақтың жадында сақталған Нұрикамал әні мен оның тағдырын жасаған адамдар туралы оқиға. Бір әннің адам өмірін қалай өзгертетіні туралы ойланып көрдіңіз бе?

Өмірдің өзі секілді – кей әндердің де тағдыры бар. Кейде олар жүрек түкпірінде ұйықтап жатады. Бірақ уақыт өткенде, алыстан естілген әуен сияқты қайта жаңғырады. Ал біз сол таныс әуенді естігенде, жүрек түкпіріндегі мұң қайтадан оянады. Өмірден, адамдардан, тіпті өнерден де жалығып кеткен жанның ең соңғы үміті – осы ән болуы мүмкін…

“Махаббатым сен” музыкалық драмасы – бір әннің, бір тағдырдың, бір сезімнің баяны.

Қоюшы режиссері Бәзіл Сұлтанғазы
Қоюшы суретші Ерлан Тұяқов
Композитор Сұлтан Тұрсынбеков

Бэнд «Theare Avenue»

Киім суретшісі Ақбота Қапсалаң
Жарық қою бойынша суретші Азамат Бекбембетов
Дыбыс режиссері Қарлығаш Танабаева
Режиссер ассистенті Бекарыс Шалқар
Режиссер көмекшісі Гүлзейнеп Алкенова

“Махаббатым сен” – бұл өнер мен тағдыр тоғысқан музыкалық драма. Қазақ музыкасының жүрегінде жатталған “Нұрикамал” әнінің артындағы жұмбақ сырды ашуға арналған қойылым.

Композитор мен ақын… Олардың шығармашылық жолы, махаббаты, арман-үміттері, жеңістері мен өкініштері. Бір әннің өмірге келуі, оның шынайы сезімнен туып, халық жүрегіне жетуі – спектакльдің басты арқауы.

Өнерге ғашық жандарға арналған әсерлі қойылым.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Тұрдықылыш  Жанат Оспанов

ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты

Бекарыс Шалқар

Олжас Жақыпбек

Бибі  Айнұр Жетпісбаева

Инабат Абенова

Нурикамал  Сағыныш Нұрхайдарова

Саида Сагинова

Сайлаукүл  Ақмарал Танабаева 

ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты

Гаухар Исмайлқызы

Сәбит Руслан Алишев

Әнуар Бектас

Ержан Біржан Жүнісов

Қайыржан Садықов

Көпшілік Сахнада

Жігіттер

Қайыржан Садықов, Бейбарыс Сәрсен, Нұрхан Қосанов, Заңғар Әбенов, Әли Қалдар
Қыздар Диана Жолдыбек, Ситора Анварова, Аяужан Малғаждарова, Бегімнұр Қалила, Динара Егубаева

 

Спектакльдің премьерасы 2025 ж наурыз айының 20,21 күндері өтті.

Автор: Ж. Әлікен

Қоюшы режиссері:  Б. Сұлтанғазы

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

12.04.2025, 18:00

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?